10) дезинфекйиялық, жуу заттармен, ЖҚҚ қорын қамтамасыз ету.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 12 наурыздағы
№12 қаулысына
15-қосымша
Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптар
1. Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерде, демалыс үйлерінде мынадай талаптар сақталады:
1) қызметкерлер және келушілер маска киюі тиіс;
2) жүргізілген/алынған қызметтер (карталар, телефондағы қосымша) үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасалады, рәсімдерді көрсету кезектер жасамай-ақ жазылу бойынша жүзеге асырылады;
3) жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді тұрақты желдету;
4) демалушыларға көліктік қызмет көрсететін (трансфер, экскурсиялар жүргізу және т. б.) мекемеде өз көлігі болған кезде: - жүргізушілер талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар) жабдықталады.
5) әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізу, кейіннен желдету;
6) әрбір келуші/клиент кеткеннен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді жалпы жинауды жүргізу;
7) COVID-19 күдікті адамдарға арналған изолятор көзделеді (қонақ үйлерді қоспағанда).
2. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде персонал жұмыс орындарында тамақ ішпейді. Тамақтану арнайы бөлінген бөлме – тамақтану бөлмесінде жүзеге асырылады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) үй-жай бөлу көзделеді.
3. Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің персоналы медициналық маскаларды міндетті түрде киюге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді;
4. Объектінің басшылары:
1) желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмыс істеуі (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), желдету режимін сақтауды;
2) персоналдың жеке гигиенасын сақтауға арналған жағдайларды (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
3) ЖҚҚ қорын;
4) қызметкерлер арасында: егер келген кезде немесе болған кезде қонақтарда аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура) байқалған жағдайда ден қою жоспары туралы, жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы нұсқама жүргізуді;
5) қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнатуды, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жадынама орналастыруды;
6) есепті қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.
5. Нөмірлік қор қызметінің бастығы:
1) персоналдың есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (кресло шынтақшалары), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдей отырып, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын кемінде 1 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кілем жабынын ылғалды жинау жуу химиялық құралдары бар кілем жуу машиналарымен орындалады, одан кейін кілемнің таза бетін суландыру жүргізіледі.
2) ылғалды жинау және дезинфекциялау орнына қағаз тұсқағазы бар нөмірлердегі қабырғалар мен төбелерді құрғақ жинауды пайдалануды, содан кейін оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес адамдардың қатысуымен қолдануға рұқсат етілген ауаны залалсыздандыруға арналған жабдықпен өңдеу жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін арнайы бөлінген жерде дайындауға, затбелгідегі құралдың атауын, оның мақсатын, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, жеткізушінің ыдысында (орамында) сақтауға міндетті. Ыдыс заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады;
4) жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуді;
5) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберуді;
6) 15 минут ішінде күніне кемінде 2 рет желдетуді қамтамасыз етеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№12 қаулысына 16-қосымша
Меншік нысанына қарамастан, балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмі
Объектіге кіруге рұқсат
1. ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында жұмыс ауысымының алдында ұйымға қабылдау кезінде қызметкерлердің күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісі, респираторлық аурулар симптомдарының болуына, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) адамдар үшін оқшаулау қамтамасыз етіледі.
Балалар күндіз болатын ұйымдардың жұмыс процесін ұйымдастыру
2. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізіледі.
3. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады.
4. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруды бақылау күшейтіледі.
5. Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасатын беткейлерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. өңдеу жүргізіледі.
6. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі.
7. Респираторлық аурулар симптомдары бар және температурасы жоғары балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі;
8. Дезинфекциялау үшін, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
9. Дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етіледі.
10. Профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының (қала сыртындағы лагерьлер, базалар) жұмыс процесін ұйымдастыру
11. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу;
12. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады.
13. Респираторлық аурулар белгілері бар және жоғары температуралы балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі.
14. Медицина қызметкерлерінің (дәрігер және медбике) тәулік бойы міндетті болуы қамтамасыз етіледі, медицина қызметкерлерінің санын балалардың санына байланысты есептеу көзделеді.
15. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруға бақылау күшейтіледі.
16. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасу беттерін, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. өңдеу қамтамасыз етіледі.
17. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі.
18. Дезинфекциялау оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
19. Дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етіледі.
230. Профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
21. COVID 19-ға күдікті адамдар үшін изолятор көзделеді.
22. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижелерді жол қағазында ресімдеумен жүргізіледі, жүргізушілер мен еріп жүретін адамдар маска киіп, оларды міндетті түрде ауыстыра отырып, қажетті жиілікпен және қорғау құралдарымен (антисептиктер) қамтамасыз етілуі тиіс;
Персонал үшін сақтық шаралары
23. Қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде маска киюі, арнайы киіммен, тері антисептиктерімен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
24. Ас блогы қызметкерлерінің жұмысы жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар) пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
25. Дезинфекцияны ЖҚҚ қолдана отырып жүргізу қажет.
26. Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.
27. ЖҚҚ азайтылмайтын қоры қамтамасыз етіледі.
28. Егер келген кезде немесе болған кезде балаларда аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т. б.) байқалса, қызметкерлер арасында ден қою жоспары және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқау беруді қамтамасыз ету керек.
Балаларға арналған сақтық шаралары
29. Көрінетін және қол жетімді жерлерде қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнатуды көздеу керек.
30. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, балалардың қатысуымен ашық ауада іс-шараларды барынша көп өткізуді қамтамасыз ету керек.
31. Жұмыс режимін ұйымдастыру және балалардың бос уақытын ұйымдастыру отрядтарды барынша оқшаулау жағдайында (үйірмелер, қызығушылықтары бойынша сабақтар) жүзеге асырылады.
32. Гигиеналық тәрбие бойынша педагогикалық жұмысты күшейту, жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыру, профилактика шараларын сақтау керек.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№12 қаулысына 17-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде діни объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар
1. Объекті әкімшілігі ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) персоналын бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2. Діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюі қамтамасыз етіледі.
3. Ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі.
4. Келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарда (кіреберісте, санитариялық тораптарда, Құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) тері антисептиктері, санитайзерлер орнатылады.
5. Діни жораларды орындау үшін бөлінген бөлмелерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
6. Ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне ревизия (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру) жүргізіледі.
7. Тәулік ішінде күніне кемінде 5 рет еселікпен ұзақтығы кемінде 15 минут барлық үй-жайларды тұрақты желдету жүргізіледі.
8. Келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны үнемі зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдар (келушілер мен персонал болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторлары (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) қолданылады.
9. Ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаппен орындау керек.
10. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, олар мынадай еселікте: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаздың бөшкелерін түсіру) және сүйеніштер күніне 3 рет өңделеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 12 қаулысына 18-қосымша
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
I. Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектінің аумағына 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, маскасіз кіруге және онда болуға тыйым салынады.
2) масканы тек тамақ ішу кезінде ғана алуға жол беріледі;
3) объектінің персоналы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді.
4) асханалық үстелдерді және жиһаздарды, үстел үстелдерін, үстел жабдықтарын (солонок, перечниц, соусницалар, салфетник және т. б.) әр келушіден кейін құрамында спирт бар тазалау құралдарымен тазалау қажет;
5) объектіде шотты төлеу кезінде келушілердің байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте әрбір пайдаланудан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту қажет;
6) объектілердің үй-жайларын тұрақты, қажеттілігіне қарай жиі желдетуді қамтамасыз ету; бұл ретте өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
2. Объектінің меншік иесі:
1) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
2) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылауды;
3) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз етуді;
4) халыққа қызметті масканы киіп көрсетуді;
5) техникалық персонал (тазалаушы) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі;
6) жұмыс орындарын және келешілерге арналған бөлмелерді тұрақты желдетуді;
7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау);
8) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының қорын қамтамасыз етуі қажет;
9) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабық сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
IІ. Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. персонал ЖҚҚ қорымен қамтамасыз етіледі.
2. Объектіде келушілердің қолдарын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерге орнатылады.
3. Бір рет қолданылатын ыдысты қолданған кезде бір рет қолданылатын ыдысты бір рет қолданылатын тығыз жабылатын пластикалық пакеттерге жинау жүргізіледі.
2. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру
4. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне ревизия (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) жүргізеді.
5. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 15 минут 3 рет жүргізіледі.
6. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазалау және дезинфекциялау жоспарлы алдын алу жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
7. Залдарда рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі.
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне 2 рет таңертең және кешке;
– подностар, тамақ тарату таспасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы-әр сағат сайын;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаздың бактарын түсіру), сүйеніштер, лифт кнопкалары – күніне 3 рет;
8. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен айқындалған, онда дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндіріледі.
9. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған Раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен ылғалды жинау жүргізіледі.
10. Әрбір объектіде есептік қажеттілікке, шүберекке, жинау мүкәммалына сүйене отырып, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры құрылады.
11. Дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және балалардың қолы жетпейтін қараңғы жерде тығыз жабық сақтайды.
4. Ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілерінде дереу сипаттағы алдын алу шаралары
12. Асхана қызметкерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және азық-түлікпен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) өз қызметтерін жұмысшыларға бір рет қолданылатын маскамен көрсетеді (маскаларды 2 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру).
13. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
14. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 12 қаулысына 19-қосымша
COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмі
I. Жалпы талаптар
1. COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізеді..
2. CОVID-19 ошақтарындағы ағымдағы дезинфекциялау науқастың немесе онымен бірге тұратын адамдардың күшімен жүргізіледі.
3. Профилактикалық өңдеу осы қаулымен бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі.
ІІ. Қорытынды дезинфекция
4. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктернің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
5. Қорытынды дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
6. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықтарды қатаң сақталған жағдайда қолданылады.
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) бүкіл кезеңінде сақталады.
8. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
9. Дезинфекциялау құралдары мамандандырылған автокөлік құралдарымен немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.
10. Дезинфекцияны (өңдеуді) мынадай:
- тері жамылғысын (қорғаныш халат, қолғап);
- тыныс алу ағзаларын («В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типті әмбебап респираторлар);
- көзді (герметикалық қорғаныш көзілдірік);
- аяқты (бір рет қолданылатын құралдар немесе резеңке етіктер) қорғайтын жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізу қажет.
11. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдарымен (дезинструктор, дезинфектор) жұмыс істеуге тартылатын мамандардың дезинфекциялау бойынша даярлығы және жұмысты қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқамасы болуы тиіс.
ІІІ. Ағымдағы дезинфекция
12. Ағымдағы дезинфекция күн сайын жүргізіледі.
13. Өңдеу кезінде маска мен қолғапты қолдану керек.
14. Өңдеу келесі түрде жүзеге асырылады:
1) есік тұтқаларын сабынмен жуып, кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту қажет;
2) ажыратқыштарды кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
3) терезе алды тақтайлары, шкафтар, жиһаздар (матамен және жұмсақ кеуекті материалмен қапталмаған бөліктер) және өзге де қатты беттерді сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
4) компьютерлердің клавиатурасын кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
5) асүй үстелшелерін әрбір пайдаланғаннан кейін тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу және кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар салфеткамен сүрту қажет;
6) тұрмыстық техника: панельдер мен басқару пульттерін кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар сулықтармен сүрту;
7) араластырғыштарды, раковиналарды ыстық сумен мұқият жуу қажет тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу қажет;
8) дәретхананы (унитаз, ванна, душ кабинасы, биде) хлор негізіндегі тұрмыстық химия құралдарын пайдалана отырып, соңғы кезекте өңдеу;
15. Ағымдағы дезинфекция аяқталғаннан кейін пайдаланылған сулықтар, маскалар мен қолғаптар бөлек пакетке салынып, тығыз және герметикалық түрде жабылып, қоқысқа тасталуы керек.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№12 қаулысына
20-қосымша
Пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде
COVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі
1. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың туыстарымен белгіленген тәртіппен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер өткізуіне мынадай талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі:
1) ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының қысқа мерзімді кездесулерді беру кезінде маска режимін сақтауы;
2) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесулер бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 реттен сиретпей, кейіннен желдету және кварцтау арқылы тұрақты жинау жүргізу.
2. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау бөлмелерінде, жиналу бөлімшелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдету және ауаны зарарсыздандыру арқылы күніне 2 реттен сиретпей ағымдық жинауды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.
3. CОVID-19 сырқаттанушылығының тіркелу деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақта) мынадай санаттарды:
- мекеме қызметкерлерін,
- этаппен тасымалдауға жататын адамдарды;
- ҚАЖ, ІІМ мемлекеттік мекемелерінде және мекемелерден тыс ұйымдардағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты алған сотталғандарын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 айда қоспағанда);